Мысыр елі Қазақстанға өнер туындыларын сыйға тартатын болды

1362

Мысыр елі Қазақстанға өнер туындыларын сыйға тартатын болды

8-9 наурызда Мысыр астанасы Каирде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясының 5-отырысы өтті. Қазақстан делегациясын ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастады, деп хабарлады ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібіне мәдениет және тарихи-мәдени мұраларды қорғау, спорт және туризм, білім беру, діни қызмет, сауда, өндіріс, инвестиция, энергетика, мұнай, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және фармацевтика, азаматтық авиация саласындағы өзара әрекеттесу мәселелері енді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы өз сөзінде үкіметаралық отырыс Қазақстан және Мысыр арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету, мемлекеттер арасындағы өара байланыстың нақты және кеңейтілген болашағын анықтау мақсатындағы маңызды шара болып табылатындығын тілге тиек етті. Бұл мәселе аталмыш бағытта ынтымақтастық үшін ірі потенциалдың бар болып, алайда оның серпіні соңғы жылдары төмен болып отырған жағдайда әсіресе өзекті.

"Үстіміздегі жылы мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толады. Бұл жылдар ішінде мемлекеттеріміз арасындағы барлық салаларда сұхбаттың кеңеюі мен нығаюына қол жеткізді. Нақты айтқанда, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар көпжақты өзара әрекеттесу саласында үлкен жұмыс атқарылды", – деді министр.

Келіссөздердің нәтижесі ретінде Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясы 5-ші отырысының хаттамасына қол қойылды. Құжат мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын анықтайды. Хаттамаға сәйкес, тараптар "ЭКСПО-2017" Халықаралық арнайы көрме аясында Ежелгі Мысыр өнер туындылары көрмесін өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізетін болады. Қазақстан Мысыр тарапының болашақта ҚР Ұлттық музейінде әлемдік мәдениет залын ашу үшін Ежелгі Мысыр өнер туындыларын (түпнұсқалар мен көшірмелер) сыйға тарту ұсынысын қабылдап, қазақстандық реставраторлар , археологтар және көптеген мамандарды даярлау курстарын Мысырте өткізу бойынша мәселені қарастырады.

Сондай-ақ, Қазақстан және Мысыр дене шынықтыру және спорт саласында тәжірибе алмасып, сонымен қатар екі мемлекет спорт федерацияларының арасында әріптестікті дамытатын болады.

Комиссия жұмысы аясында Арыстанбек Мұхамедиұлы  Мысыр Араб Республикасы инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрі доктор Сахара Наср, Мысыр Араб Республикасы мәдениет министрі Х. Наманам, Мысыр Араб Республикасы көнелер ісі министрі Х. Аль-Анани жән Каир губернаторымен екіжақты кездесулер өткізіп, "Достық пен Еркіндік" саябағында орналасқан Абай бюстіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар ҚР мәдениет және спорт министрі Сұлтан Бейбарыс мешітіне барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу