Мысыр ғалымдары алтын тілді мумияларды тапты

1150

Олар бірнеше мумияны Ніл өзенінің сағасындағы Минуфия провинциясында орналасқан ғибадатханадан тапқан. 

Мысыр ғалымдары алтын тілді мумияларды тапты Фото: news.sn

Мысырлық археологтар алтын тілді мумияларды тапты. Бұл туралы елдің Туризм және көне заттар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Синьхуа сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, әртүрлі дәуірге, атап айтқанда кейінгі әулеттік және эллиндік кезеңдерге жататын қабірлерде аузына алтын тіл салынған мумиялар табылған.

Мысырдың Туризм және көне заттар министрлігінің мәлімдемесінде айтылғандай, аталған мумиялар жақсы сақталмаған көрінеді. Бұл қабірлердің тоналғанын көрсетеді.

Бұдан бөлек алтын парақтарға оралған бірнеше қаңқа, адам тәрізді ағаш саркофагтар, қыш ыдыстар мен мумиялау материалдары табылған.

Ғалымдардың хабарлауынша, "тіл қайтыс болған адамның о дүниеде сөйлей алуын қамтамасыз ету үшін алтыннан жасалған".

Археолог Бахаа ан-Нагар бұрынғы заманда билеушілер бетперделерін, саусақтарын, тілін алтынмен безендіргенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу