Мысыр Қазақстандағы мыс кен орнын сатып алады

1541

Мысыр мен Қазақстан компаниялары бірқатар экономикалық құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakh Invest компаниясының баспасөз қызметі.  

Мысыр Қазақстандағы мыс кен орнын сатып алады

2021 жылдың 5-7 ақпанда Египетте Қазақстан-Мысыр сауда-инвестициялық бизнес-форум өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Қазақстанның Мысырдағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф, Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары Тарик әл-Уасими, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы, генерал Халед Фуда, Мысыр сауда палаталары федерациясының басшысы Ибрахим әл-Араби қатысты.

Сонымен қатар қазақстандық делегацияның құрамында 60-тан аса отандық компания мен мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдері, ал Мысыр тарапынан 200-ден аса бизнес өкілі болды.

Бизнес-форум барысында Қазақстан мен Мысыр компаниялары бірқатар экономикалық құжатқа қол қойды.

"Қазақстандық компаниялар Мысыр нарығына 1 млн дана көлемінде бөтелкедегі суды жеткізу (болашақта оның көлемі 3 миллионға дейін жетуі мүмкін), отандық кәсіпорын негізінде фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді шығару, Қазақстан аумағында мыс кен орнын сатып алу туралы уағдаласты", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу