Мысыр ОПЕК-пен келіспеді

904

Мысыр ОПЕК-пен келіспеді

Мысыр ОПЕК және тағы басқа бірқатар елдердің мұнай өндіруді қысқарту бойынша келісіміне қосылуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы елдің премьер-министрі Шериф Исмаил мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Мысыр  ОПЕК + келісіміне қосылмайды, себебі бұл ел ештеңе экспорттамайды, ал өндірілген шикізаттың негізгі бөлігі жергілікті мұнай өңдеу зауыттарында қолданылады.

"Бізде экспорттайтын тауарлардың бөлігі аз және ол нарыққа әсер етпейді. Жеткізу көлемін азайту туралы айтатын болсақ, бұл бір миллион немесе екі миллион баррельді экспорттайтын елдерге қатысты", - деді премьер.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу