Мысыр палестиналық босқындарды қабылдаудан бас тартты

Аталған ел Израильдің әскери операциясына қарамастан осы бағытты ұстанып отыр. 

Мысыр палестиналық босқындарды қабылдаудан бас тартты Фото: РИА Новости

Мысыр премьер-министрі Мұстафа Мадбули Газа секторынан палестиналық босқындарды қабылдамайтынын айтты, деп хабарлайды Интерфакс.

Бұл туралы Мадбули Синайдың солтүстігіндегі Эль-Ариш қаласында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

"Президент Абдель Фаттах ас-Сиси айтқандай, Мысыр бізге ештеңенің таңылуына немесе аймақтық мәселелердің біздің есебімізден шешілуіне жол бермейді", - деді Мысыр премьер-министрі.

Ол сондай-ақ Каир алдағы жылдары Синай түбегін дамыту және қайта құру жоспарларын кеңейтіп, жобаға миллиардтаған мысыр фунтын инвестициялауды жоспарлап отыр, сондықтан "Египет Синайдан бас таратпайды" деп атап өтті.

21 қазанда Каир саммитінде әл-Сиси Египеттің Газа секторынан Синай түбегіне палестиналықтарды қоныстандыруға жол бермеу туралы ұстанымын ашық айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу