Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси Ораза айттың құрметіне рақымшылық жасап, 502 тұтқынды абақтыдан босату туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды 24.kz.
Түрмеден шығатын адамдардың тізімі жарияланған жоқ. Олардың арасында 25 әйел мен шерулер өткізу тәртібін бұзған жастар бар екені белгілі.
"Рейтерс" ақпарат агенттігі елдің ең ауқатты тұрғындарының бірі Талаат Мұстафа да бостандыққа шығатынын хабарлады. Ол 2008 жылы көңілдесі болған ливандық әнші Сюзанна Тамиманы кісі жалдап өлтіргені үшін 15 жылға сотталған болатын. Талаат Мұстафаның денсаулығы сыр бере бастағандықтан, оған рақымшылық жасалған екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу