Мысыр президенті ас-Сиси үшінші мерзімге қалуы мүмкін

1043

2014 жылы өткен президенттік сайлаудан кейін өз қызметін атқарған Сиси 2018 жылдың наурызында өткен сайлауда қайта сайланды.  

Мысыр президенті ас-Сиси үшінші мерзімге қалуы мүмкін Фото: LIGA.net

Мысыр президенті Абдулфаттах ас-Сиси қайтадан президенттікке үміткер болатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Мысыр мемлекеттік теледидарының хабарлауынша, Сиси Каир астанасының шығысында салынған жаңа астанада өткен үш күндік "Отан тарихы" конференциясында қорытынды сөз сөйледі.

Сиси президенттік сайлауға қайта қатысуға шешім қабылдағанын мәлімдеді және мысырлықтарды 2023 жылдың желтоқсанында өтетін президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

2014 жылы өткен президенттік сайлаудан кейін қызметке кіріскен Сиси 2018 жылдың наурызында өткен сайлауда 92% дауыспен қайта сайланды.

Бұған дейін Мысыр Ұлттық сайлау кеңесінің төрағасы Валид Хасан Хамза президенттік сайлау өтетін күнге және кандидатураларды ұсыну процесіне қатысты мәлімдемелер жасаған.

Дауыс беру 2023 жылдың 1-3 желтоқсанында шетелде және 2023 жылдың 10-12 желтоқсанында ел ішінде өтетінін хабарлаған Хамза жаңа 6 жылдық президенттік мерзімге үміткер болуға 5-14 қазанда өтініш беруге болатынын айтты.

Хамза егер сайлау екінші турға өтсе, онда ол 2024 жылдың 5-7 қаңтарында шетелде және 2024 жылдың 8-10 қаңтарында ел ішінде өтеді деп хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу