Келісім-шарт Египеттің өнімді сатып алу агенттігімен (GASC) келісілген, жеткізілім келесі аптада басталады, деп жазады inbusiness.kz.
GASC бидайды сатып алу бойынша тендерді басқарды. Негізгі шарттар — сатып алушының таңдауы бойынша 180 немесе 270 күннен кейін төлемнің жасалуы, жеткізу мерзімі 15-тен 30 күнге дейін.
"GASC ірі жеке мәміледен кейін табысын нығайтып, кеше аяқталған тендерде тағы 300 мың тонна Ресей бидайын сатып алды. Жеткізу құны — 260 доллар FOB форматында", - деп хабарлады компания.
Бейсенбі, 12 қазанда 300 мың тонна, сонымен қатар сейсенбі, 10 қазанда тендер аясында тағы 480 мың тонна. Яғни, Каир сатып алмақ бидайдың жалпы көлемі — 780 мың тонна.