Мысыр соты елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының күшін жойды

1135

Мысыр соты елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының күшін жойды

Мысырдың кассациялық соты  осы елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиге тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының күшін жойды. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасаған "КоммерсантЪ" хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада Кассациялық сот Каирде  елдің бұрынғы президентіне қатысты өлім жазасының күшін жойды. Мұхаммед Мурси 2011 жылы "Мұсылман бауырлар" қозғалысының қайраткерлері отырған Вади ан-Натрун түрмесінен жаппай қашуды ұйымдастырғаны үшін өлім жазасына кесілген болатын. Мурси биліктен  2013 жылы кетірілді. Мысырдың бұрынғы президентіне 2012 жылдың желтоқсанында шерушілерді өлтіруге қатысты бар деген айып бойынша шағымдану құқынсыз 20 жылға, Катардың пайдасына тыңшылық жасағаны үшін  40 жылға және "Хамас" тобының пайдасына тыңшылық жасағаны үшін  өмір бойына бас бостандығын айыру жазалары кесілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу