Мысыр Таяу Шығыс босқындарын қабылдаудан бас тартты

476

Мысыр Таяу Шығыс босқындарын қабылдаудан бас тартты

Мысыр билігі Брюссел конференциясындағы саммитте Еуроодақ елдері басшыларының ел территориясында босқындар лагерін ашу талабынан бас тартты, деп хабарлайды kazislam.kz.

Мысыр өкілдері палатасының спикері Әли Әбдел Әлдің айтуынша, босқындарды қабылдау ел конституциясы мен заңына қайшы келеді.

"Мысырда заң жүзінде босқындарды қабылдауға тыйым салынған. Еуропа елдерінде баспана ала алмаған босқындарды Мысырға депортациялау құқықтық тұрғыда мүмкін емес болып табылады",- дейді Әли Әбдел Әл.

Еске салсақ, Еуропа мемлекеттері басшылары Жерорта теңізі арқылы Еуроодақ елдерін е шыққан босқындарды Мысырдың қабылдауы керектігі туралы мәлімдеген еді. Сонымен қатар, босқындарды қабылдаудан Марокко, Тунис, Алжир және Албания елдері де бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу