Мұндай шартты әзірлеу мәселесі келіссөздер барысындағы ең өткір мәселе болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш бұл шешімді әділеттілікке жолындағы маңызды қадам деп бағалады. Нәтижесінде шартқа сәйкес бөлінетін қаражат теңіз деңгейінің көтерілуі немесе ауа-райының күрт өзгеруінен туындаған шығындар мен залалдардың орнын толтыруға бағытталады.
2023 жылы БАӘ-де өтетін келесі саммитте мемлекеттер Қор жұмысының қағидаттары туралы уағдаласатын болады.
БҰҰ Бас хатшысы кездесуге қатысушы елдер жаһандық жылуға қарсы күресте бұрын қойылған мақсаттарға жету үшін атмосфераның зиянды шығарындыларын азайту жоспарларын жаңартпағанына өкініш білдірді.
Еуропалық Одақ атмосфераға көмірқышқыл газының ең көп шығаратын мемлекеттердің ауаның ластануымен күресте бейжайлық танытып отыр деп есептейді.