Мысырда гандболдан әлем чемпионаты басталады

840

Конавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты турнир матчтары көрерменсіз өтеді.

Мысырда гандболдан әлем чемпионаты басталады

Мысырда гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс жоспар бойынша 13-31 қаңтарға дейін жалғасады.

Турнирдің ақтық бөлігінде 32 команда өзара бақ сынайды.

Чехия командасы коронавирустың бірнеше оң сынақ нәтижелеріне байланысты турнирге қатыса алмайды, ережеге сәйкес Чехия құрамасын Солтүстік Македония құрамасы алмастырады.

Алдын ала топтық кезеңде қатысушылар әрқайсысы төрт командадан тұратын сегіз топқа бөлінеді. Әр топтан үздік үш команда келесі кезеңге өтеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу