Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

546

Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. 

Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өтеді Фото: ortcom.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал Эль Шиннави ханыммен кездесіп, мәдениет және туризм салаларындағы бірлескен іс-шаралар мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Ұлы тарихи тұлғаның мерейтойына арналған іс-шаралар бүкіл Қазақстанда өтіп жатыр. Таяу күндері қазақстандық делегация "аз-Захир Бейбарыс" мешітінің ашылуына және Бейбарыс сұлтанға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Мысырға аттанады.

"4 маусымда Каирде қазақстандық артистерінің қатысуымен гала-концерт және Мысырдағы Қазақстанның мәдени күндері аясында қолданбалы өнер көрмесі өтеді. Бұл біздің мәдениет және өнер саласының қызметкерлері үшін өнерлерін паш етуге үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ, биыл қараша айында екіжақты Үкіметаралық комиссияның VI отырысын өткізуді талқыладық", деп жазды А. Оралов.

Эль Шиннави ханым өз кезегінде ҚР Ұлттық музейінде мамлюк кезеңіндегі ислам мәдениетінің көрмесін өткізу туралы ұсыныс айтты. Мысырлық серіктестеріміз іс-шараны биыл ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Эль Шиннави ханым Мысыр қазақстандық туристер арасында ең танымал үшінші бағыт екенін атап өтіп, 14 күндік өзара визасыз режимді енгізуге қызығушылық білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу