Мысырда президенттік сайлау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Саяси дода 12 желтоқсанға дейін жалғасады. Дауыс беру нәтижелері 18 желтоқсанда жариялануы тиіс.
Сайлауға үш үміткер қатысады. Олар: елді 2014 жылдан бері басқарып келе жатқан қазіргі мемлекет басшысы Абдель Фаттах ас-Сиси, Социал-демократиялық партияның жетекшісі Фарид Захран, "Вафд" либералды партиясының жетекшісі Абдель Санад Ямама, Республикалық халық партиясының жетекшісі Хазем Омар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу