Мысырда тұрғындар белгісіз ауруға шалдықты

372

Ауру белгілері Каирдің оңтүстігінде орналасқан Кена провинциясына жататын Египеттің Әл-Әликат ауылының тұрғындарынан байқалды.

Мысырда тұрғындар белгісіз ауруға шалдықты Фото: пятый канал

Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігі жексенбіде хабарлағандай, науқастар жоғары температура, сүйектің қақсап, бас айналуға шағымданған.

"Шағымдарды зерделеу үшін профилактикалық және медициналық көмек көрсету және эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі бригадалар жіберілді, науқастардан талдаулар алынды", делінген ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында таратылған мәлімдемесінде.

Мысыр Денсаулық сақтау министрлігі нақтылағандай, әзірге ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындамаған. 

Al-Ahram газетінің хабарлауынша, билік елді мекенге дәрігерлермен бірге 50-ге жуық көлік жіберген, ауыз су сынамалары алынған.

Жергілікті басылымдар келтірген әртүрлі мәліметтер бойынша, 200-ден 1 мыңға дейін ауыл тұрғындары белгісіз аурудың белгілеріне шағымданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу