Мысырда туристер үйінді астында қалды

508

Туристер тұрып жатқан көпқабатты үй құлады  

Мысырда туристер үйінді астында қалды Фото: Daily mail

Мысырдың солтүстігіндегі Александрия қаласында жаз мезгілінде туристерді орналастыруға пайдаланылатын 13 қабатты тұрғын үй опырылып құлап, көптеген адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Үйінді астында қалған адамдардың нақты саны белгісіз. Аман қалған адамдарды іздеп-табу, сондай-ақ үйіндіге соғылған автокөліктердің сынықтарын тазарту жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қаза тапқандардың нақты саны хабарланбады.

Қала губернаторы Мохамед Тахер әл-Шерифтің сөзінше, әдетте, үй жаз мезгілінде туристерге жалға берілетін. Онда супермаркет те болған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, үй құлағанға дейін жарылыс естілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу