Мысырда туристке акула шабуыл жасады

429

Туристерге арналған жағажайлар уақытша жабық.

Мысырда туристке акула шабуыл жасады Фото: El Fagr

Мысырдың Дахаб курортында тағы да акула туристке шабуыл жасады. Бұл жолы мысырлық әйел зардап шекті, теңіз жыртқышы қыздың қолын тістеп алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz мысырлық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Dahab Lagoon Club & Resort (бұрынғы Tirana Dahab) қонақ үй кешенінің маңында болғаны анықталды. Куәгерлердің айтуынша, демалушылар жұбы теңізде шомылып жүргенде балықты байқаған. Жастар оны тунец деп ойлап, ары қарай жүзе берген. Шабуылдан кейін жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, қазір оның жағдайы тұрақталды. 

Оқиғаға байланысты билік Дахабтағы бірнеше жағажайларды бірден жабу туралы шешім қабылдады. Египеттің қоршаған ортаны қорғау министрлігі жыртқышты табу үшін арнайы топ құрды. Ол табылмайынша, курорттың су аумағынан шектеу алынып тасталуы екіталай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу