Мысырда ұсталған қазақстандықтар бостандыққа шықты

982

Мысырда ұсталған қазақстандықтар бостандыққа шықты

Мысырда ұсталған қазақстандық 6 азамат елге оралатын болды. Біздің дипломаттар оларды Қазақстанға жөнелту үшін Каир әуежайына алып келген. Мұны Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі мәлім етті. Әнуар Жайнақовтың айтуынша, кеше кешкісін Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанның елшілігімен хабарласып, ұсталған қазақстандықтардың барлығын еліне депортациялайтындықтары туралы хабарлапты. Осыдан кейін Қазақстанның консулы арнайы процедураларды ұйымдастыру үшін әуежайға келіп, еліміздің азаматтарымен жүздескен. Ал қазақстандықтарды ұстау себептері әзірге айтылмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу