ҚР СІМ Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері қаза болғаны туралы ақпаратты растайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің қызметкері Е. Жолдасовтың қазасы туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта осы елдің прокуратурасы қажетті тергеу шараларын жүргізуде. Осыған байланысты тергеу нәтижелері бойынша ресми ақпарат пайда болмас бұрын, бұл оқиғаға қатысты әртүрлі интерпретация мен негізсіз ақпарат таратудан бас тартуды сұраймыз. Министрліктің өкілдері Египетке тергеуге қатысу үшін жіберілді" делінген министрліктің хабарламасында.
Сыртқы саяси ведомство мәліметіне сай, толық ақпарат 18 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресми өкілінің брифингінде беріледі.
"Министрлік Е. Жолдасовтың туыстары мен жақындарына шын ниетімен көңіл айтады және дипломаттың отбасына барлық көмек көрсетеді" делінген хабарламада.