Мысырдан алғаш рет контейнерлер жеткізілді

1050

Жүк 25 күнде елге жеткізілген. 

Мысырдан алғаш рет контейнерлер жеткізілді

Мысырдан Қазақстанға алғаш рет контейнерлер жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алғаш рет Солтүстік-Шығыс Африкадан (Мысыр) Қазақстанға (Қостанай станциясы) құрылыс материалдары тиелген 6 контейнер (әрқайсысының салмағы 40 фунт) жеткізілді. Жобаны "КTZ Express" АҚ филиалы халықаралық СМА CGM халықаралық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды",– деп жазылған "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алдымен жүк Александрия портынан Грузиядағы Поти портына дейін теңіз арқылы жеткізілген. 

"Кейін контейнер теміржол арқылы Транскаспийлік  халықаралық  көлік бағдары бойынша жалпы 25 күнде елге жеткізілді",– деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін жүктер Африкадағы елдерден Ресей порттар арқылы Қазақстанға жеткізілген. 

"Бұл маңызды оқиға Еуразия құрлығы мен Африка арасындағы халықаралық дәлізде жүк ағынын ұлғайтуға жаңа мүмкіндік ашады. Бүгінде "KTZ Express"  АҚ Мысыр (Египет) елшілігі өкілдерімен аталған бағдарда жүк ағынын ұлғайту бойынша келіссөз жүргізіп жатыр",– деп жазылды хабарлама.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу