Ұшақ 15 сәуір күні сағат 18:00 шамасында Ақтөбе әуежайына қонған, деп хабарлайды inbusiness.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, ұшақ Ақтөбе қаласында жеткенде, жігіт ата-анасына киім ауыстыратынын айтқан, сол кезде қайтыс болды. Жолаушы Уфа қаласының тұрғыны екені анықталды.
Оқиға орнына дереу жедел жәрдем келген.
"Ұшақта жолаушы қимылсыз жатты. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған, себептері әзірге белгісіз", дейді дәрігерлер.
Туыстары оның денесін еліне алып кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу