Мысырдың "Misr" банкі Қазақстанда өкілдік ашуға ниетті

800

Мысырдың "Misr" банкі Қазақстанда өкілдік ашуға ниетті

Қазақстанның Каирдегі елшісі Арман Исағалиев Мысырда екінші ең ірі банк болып табылатын "Misr" банкінің төрағасы Мұхаммед әл-Этребимен кездесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Мысыр арасында банк саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жолдары талқыланды. Осы орайда қазақстандық дипломат Мұхаммед әл-Этребиге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) құрылғанын және Қазақстан тарапының Орталықтың жұмысына мысырлық банктердің атсалысуына, атап айтқанда "Misr" банкінің қатысуына қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Банк төрағасы АХҚО құру бастамасын жоғары бағалап, оның жақын болашақта аймақтық қаржы хабына айналатынына сенім білдіріп, жаңа орталықпен ынтымақтастық орнату ниетін растады. Сонымен қатар, Мұхаммад әл-Этреби  жуырда Қазақстанда "Misr" банкінің өкілдігін ашу ниетін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу