Мысырдың бас мүфтиі биткойнмен сауда жасауға қатысты пәтуа шығарды

1124

Мысырдың бас мүфтиі биткойнмен сауда жасауға  қатысты пәтуа шығарды

Мысырдың бас мүфтиі шейх Шавки Аллам биткойнмен сауда жасауға байланысты пәтуа берді. Ол бойынша елде криптовалюта операцияларын пайдалануға тыйым салынады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.  
Мүфтидің айтуы бойынша, биткойнға "исламда тыйым салынған", себебі бұл валютаны пайдаланумен бірге алаяқтық, алдау, арбау бірге жүреді.      
Айта кетсек, пәтуа дегеніміз - белгілі бір іс жөнінде бір бітімге келу, ортақ тоқтам жасау. Пәтуаның заңдық күші болмағанымен, мұсылмандар үшін бұлжытпай сөзсіз орындалуға тиіс міндет, парыз болып саналады. 
Мысырда биткойнмен сауда жасау алаңы 2017 жылдың тамызында пайда болған болатын, алайда желтоқсанда елдің зиялы қауымы бұл валютаны заңға қайшы деп дабыл қақты. Бас мүфтидің пәтуа беруіне осы себеп болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу