Мысырдың белгілі оппозиционері Ахмед Тантави еліне оралды

461

Саясаткер 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысуы әбден мүмкін.

Мысырдың белгілі оппозиционері Ахмед Тантави еліне оралды Фото: aa.com.tr

Мысырлық оппозиционер және "Onur" партиясының бұрынғы жетекшісі сайлауға түсуге ниет білдірген Ахмед Тантави Мысырға оралды, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен тоғыз ай бойы болмаған еліме қайта оралдым, - деп жазды саясаткер әлеуметтік желілерде.

Тантави отбасы мен жақындарына бес күн арнайтынын айтып, әрі қарай саяси жұмыстарына оралатынын хабарлады. 

"Әрі қарай қарқынды консультациялар, қоғамдық және жеке кездесулер басталады",- деп қосты саясаткер.

Тантави Мысырдан кетіп, 2022 жылдың тамызында Ливанға көшкен болатын.

Бейруттағы сәуір айындағы мәлімдемесінде Тантави "2024 жылы Мысырда өтетін президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынуды қарастырып жатқанын" айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу