Мысырда алты бірдей отандасымыз жоғалып кетті. Жағымсыз жайтты Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовта растады. Ведомствоның мәліметінше, алты қазақстандық қазіргі уақытта жақындарымен байланысқа шықпай жатыр. Олардың барлығы бір пәтерде тұрған. Жоғалған жігіттер Мысырға 11 шілдеде ұшып барып, Қазақстан елшілігінде тіркеуге тұрған. Олармен байланыс 20 шілдеде үзілген.
Әнуар Жайнақов ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы: "Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Каирдегі Қазақстан елшілігі Мысырдың Сыртқы істер министрлігінен іздестіру жұмыстарына көмек көрсетулерін сұрап, нота жолдады. Біздің дипломаттар жоғалып кеткен қазақстандықтардың жақындарымен және туыстарымен тығыз байланыста".