Мамырдың 20-сы мен маусымның 18-і аралығында астаналық цирк аренасында Мысырдың еңбек сіңірген артисі Хамада Кутаның жетекшілігімен аңызға айналған "10 арыстан мен Мысыр ханзадасы" аттракционы көпшілік назарына ұсынылады. Қойылым сенбі және жексенбі күндері сағат 16:00-де өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Хамада алғаш рет торға 2 жасында кірген, ал аң үйретуді 7 жасында бастаған. Бүгінде ол әлемде ешкімнің қолынан келмейтін бірегей трюктерді орындайды.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында әуе гимнасттары, жонглерлар, акробаттар мен көңілді сайқымазақтар өз көрермендерін қуантпақ. Көпшілік назарына Александр Логиновтың жетекшілігімен "Экстрим шары" номері ұсынылады.
Бұдан басқа, Ресей мен Еуропа фестивальдерінің алтын жүлде иегерлері, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген бірегей трюктің жалғыз орындаушы Вернадский даңғылындағы Үлкен Мәскеу циркінің артистері өнер көрсетеді.