Белгілі мысырлық суретші Саад Мохаммед Құран кітабының ерекше нұсқасын жасап шығарды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Қылқалам шеберінің бұл туындысы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Ол осы жұмысына 3 жыл уақытын сарп еткен. Ал ұзындығының 700 метр болуы кітаптың басты ерекшелігі саналады.
Айта кетейік, бұл жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражатты суретші өз қалтасынан шығарған. Осыған байланысты жұмысқа бірнеше жыл уақыт кеткен. Кітап Гиннес кітабына енген жағдайда туынды қасиетті Құран Кәрімнің ең үлкен қолжазбасы ретінде әлемдік рекорд жаңартады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу