Наразылықты ұйымдастырушы - өзін саяси векторлардан тыс ұстайтын München steht auf ("Мюнхен орнынан тұрады") бейбіт бастамасы. Оқиға туралы хабарландыруда бастама қару-жарақ пен санкциясыз әлем құруды талап етеді, деп жазады inbusiness.kz.
Әлеуметтік желілерде наразылық білдірушілер тобы барабаншылар тобының артынан қаланы аралап, Мариенплацтағы мэрия алдындағы орталық алаңға жиналғаны түсірілген бейнежазбалар тарады.
Плакаттар мен жалаулар көтерген наразылық білдірушілер бейбітшілікке шақырады және Украинаға танк жеткізуге қарсы.
Сәрсенбіде Германия үкіметі Украинаға Leopard 2 неміс танктерін беру туралы шешімін жариялады. Үкіметтік партиялар өкілдері Олаф Шольцтың кабинетіне осы мәселе бойынша оң шешім қабылдауы үшін қатты қысым жасады.