МЖӘ-ні дамытуға арналған жобалардың бірыңғай базасы құрылды

1548

МЖӘ-ні дамытуға арналған жобалардың бірыңғай базасы құрылды

"Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ вице-президенті Айдос Көбетов Қазақстанда МЖӘ жобаларының бірыңғай базасы іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Өнеркәсіптік пайдалану жобаларының базасы биыл шілде айында іске қосылған. Ол үкімет тапсырмасымен әзірленген болатын. База еліміздің орталық өңірлерінің тәжірибесін өзге өңірлерге тарату мақсатында құрылған", — деді Айдос Көбетов.

Базаны МЖӘ орталығы ҚР ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып әзірленген. Ол ҰЭМ сайтында, сондай-ақ, МЖӘ орталығының сайтында жарияланған. Бүгінде онда барлық 547 жоба орналастырылған. База барлығына қолжетімді. Сонымен қатар онда жобалардың атауы мен сипаты, олардың құны, мерзімі және жауапты тұлғалардың есімдері туралы ақпарат жазылған.

Бұдан өзге, МЖӘ жөніндегі заңнаманы жетілдіру аясында МЖӘ жобаларын жоспарлау мерзімдерін 7 айдан 3 айға дейін қысқарту, МЖӘ жобаларын қазынашылық тіркеу жүйесін енгізу, МЖӘ типтік келісімшарттарының жаңа формалары сынды өзгерістер енгізу жоспарланған. Сондай-ақ, аталған өзгерістер аясында медициналық жабдық лизингі, емхананы сенімгерлікпен басқару, мектептерге сервистік қызмет көрсету және күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу