Н.Әбдіров: Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді

621

Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Н.Әбдіров: Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді Фото: election.gov.kz

"Біз бюллетеньдердің көлемін өзгертеміз. Ол үшін тәжірибе де жасап көрдік. Әдеттегі А4 емес, А5 қағазын қолдансақ, онда бюллетень жақсы оқылады. Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады, ал 8-позиция – "барлық кандидатқа қарсы дауыс беру" жолағы. Бірмандатты округтерге тоқталсақ, 16 кандидаттың аты-жөні еркін сыяды әрі көзге көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар жабдықталады. Депутаттыққа кандидаттар саны 16-дан асса, онда бюллетеннің мөлшері ұлғаяды", – деді Нұрлан Әбдіров ОСК отырысында.

Айта кетейік, 19 наурызда Мәжіліс сайлауы өтеді. Сайлауға 12 млн-нан аса дауыс беруші тіркелген.

 

Барлығы 7 партиядан 283 кандидат саяси додада бәсекеге түседі:

  • "Қазақстан Халық партиясынан" – 52,
  • "Ақ жол" партиясынан – 54,
  • "Жалпыұлттық социал-демократиялық" партиясынан – 19,
  • "Байтақ" жасылдар партиясынан" – 18,
  • "Ауыл" партиясынан – 25,
  • Respublica партиясынан – 25,
  • AMANAT партиясынан – 90.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу