Н.Годунова министрліктердің дұрыс емес статистикасы туралы: "Үкімет соның негізінде шешім қабылдайды"

517

Жалпыұлттық міндеттерге қол жеткізуге әсері жоқ іс-шараларға қомақты ресурстар жұмсалды.

Н.Годунова министрліктердің дұрыс емес статистикасы туралы: "Үкімет соның негізінде шешім қабылдайды" Фото: kapital.kz

Бұл туралы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрайымы Наталья Годунова Мәжіліс отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бюджет шығыстарын қойылған стратегиялық мақсаттарға байланыстыру жағы ақсап тұр.  Салдарынан жалпыұлттық міндеттерге қол жеткізуге ешқандай әсер етпейтін іс-шараларға қомақты ресурстарды жұмсадық, деді ол.

"Ұлттық жобаларды әзірлейміз, алайда іске асырылған екінші жылында олардың күшін жоямыз. Барлығы орындалып жатқан сияқты көрінеді, бірақ беретін әсері күмән туғызады. Бір жағынан мыңдаған жұмыс орны ашылып жатса, екіншіден Еңбек министрлігі жұмыссыздардың саны өседі деген болжам айтып отыр. Алынатын экономикалық әсер соңына қалдырылған. Жобалық қуаттарды кеңейту және оған шығу үш-бес жылдан кейін жоспарланған. Ал мұны ешкім бақыламайды", - деді Наталья Годунова.

Спикер көптеген жоба іске асырылып болғаннан кейін бірден мониторингтен алынып тасталатынын жеткізді. Бұдан бөлек мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау оңай емес екенін атап өтті. 

"2022 жылғы нысаналы индикаторлардың 37 пайызының статистикалық деректері әлі қалыптаспаған. Ал, қолда барына қарап, нәтижелерін толық айту мүмкін емес. Егер көрсеткіштер орындалу шамасына қарап түзетілсе, ал қаржыландыру көлемінің өзгеруі көбінесе олардың мәндеріне әсер етпесе, айтылған жетістіктермен қалай келісуге болады.   Министрліктер мен ведомстволардың дұрыс емес болжамдарының ауқымы емес, олардың әдемі есептері мен дұрыс емес статистикасының артында жасырылғаны алаңдатады. Ал Үкімет солардың негізінде басқарушылық шешімдер қабылдайды", - деп түйіндеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу