Н.Годунова жылыту маусымына дайындықты пысықтамаған әкімдерді жазалауды ұсынды

Кәсіпкерлік кодекстің қолданыстағы шектеулері энергия объектілерін толыққанды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. 

Н.Годунова жылыту маусымына дайындықты пысықтамаған әкімдерді жазалауды ұсынды Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Жоғарғы есеп палатасының басшысы Наталья Годунова айтты. 

"Жылыту маусымына дайындық кезінде энергия объектілеріне тікелей тексерулер жүргізу бөлігінде Кәсіпкерлік кодекстің қолданыстағы шектеулері энергия объектілерін толыққанды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. 

Осыған байланысты, бақылау мен қадағалауды жүргізудің жалпы тәртібінен жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды шығару қажет деп санаймыз (Кәсіпкерлік кодекстің 129-бабы). Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте жылыту маусымына дайындықты бұзғаны және оны өту барысында жіберілген бұзушылықтары үшін лауазымды адамдардың (әкімдердің орынбасарларынан төмен емес) және энергия объектілерінің бірінші басшыларының жауапкершілігін регламенттеу керек", – деді Годунова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу