Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағында жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазір рейстер әуе компанияларының кестесіне сәйкес орындалып жатыр. Ал әуе кемелеріне қызмет көрсету тәулік бойы толық көлемде жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, әуежайдағы ауқымды жөндеу жұмыстары 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында жүргізілді. Осы кезеңде қажетті жұмыстарды орындау мақсатында ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша жабылып, бірқатар рейстер таңғы және кешкі уақыттарға ауыстырылған болатын.
Жөндеу барысында әуежай қызметінің мамандары ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және аэродром инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар атқарды.