Билікті кімге бергенімді білесіздер. Сол таңдауым өзгеріссіз қалады. Дауыс беруге келген Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге берген сұхбатында алғашқы пікірінен айнымайтынын айтты. Біраз аялдап, қаумалаған жұртпен және БАҚ өкілдерімен тілдесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Немере інісі Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты сот шешімін әділ деп бағалады.
"Бұл соттың шешімін әділ деп ойлау керек. Әділ болмаса, оған сенбеген адам қарсы болып арыз беруі керек. Сондықтан бәрібір қайда барғанда да сот жүйесі мәселені шешеді", деді ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, экс-президент Мәсімовтың сотына қатысты пікір білдірді.
"Мені де осы мәселе қатты қызықтырады. Тергеу мен соттың аяқталуын күтемін. Оған не себеп болды және бұның артында кім тұр? Мәсімовпен бірге көп жыл бойы жұмыс істедік. Бірақ қайдан білесің, Иса Мәсіх қасында отырған Иуданың сатқын екенін білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сондықтан да сот аяқталғанда анығын білетін боламыз", - деді Тұңғыш Президент.