Н. Нығматулин Молдова парламентінің төрайымымен кездесті

1154

Елордада қыркүйектің 24-жұлдызында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі өтеді.

Н. Нығматулин Молдова парламентінің төрайымымен кездесті

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Молдова Республикасы парламентінің төрайымы Зинаида Гречаный бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды ҚР парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Н. Нығматулиннің айтуынша, елдеріміз арасында саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар қарқынды дамып келеді. Кездесу иелері екі елдің әріптестігін күшейтуде парламенттер рөлінің зор екенін айтты. Молдова Парламентінің төрайымы ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер арқылы Қазақстанмен парламентаралық байланыстарды нығайтуға ынталы екенін жеткізді.

Мәжіліс төрағасы, елдер парламенттерімен қатар, ТМД ПА, ЕҚЫҰ ПА басқа да халықаралық парламенттік ұйымдармен белсенді іс қимылдың қажеттілігін атап өтті.

Кездесу соңында мәртебелі мейман арнайы шақыру үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу