Н.Нығматулин Санкт-Петерборда Ә. Бөкейханның ескерткіш мүсінінің ашылуында сөз сөйледі

1198

Н.Нығматулин Санкт-Петерборда Ә. Бөкейханның ескерткіш мүсінінің ашылуында сөз сөйледі

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД ПА және ҰҚШҰ ПА күзгі сессиясы аясында Санкт-Петерборда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Семей облысының атынан I Мемлекеттік Дума депутаты Әлихан Бөкейханның ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысты, деп мәлім етті Мәжілістің баспасөз қызметі.

Салтанатты шара I Мемлекеттік Дума жиыны өткен Таврия сарайындағы ТМД ПА штаб-пәтерінде өтті. Жиында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйледі.

"Екі ел Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің сындарлы және батыл саясатының арқасында бүгінгі күні Қазақстан мен Ресей еуразиялық кеңістікте интеграцияның қозғаушы күшіне айналды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында осы ескерткіштің ашылуының маңызы ерекше. Осы уақыттар ішінде біздің елдеріміз ТМД кеңістігінде стратегиялық және одақтас әріптестіктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді", – деді Мәжіліс төрағасы.

Ә. Бөкейханның мүсіні Таврия сарайының атриумында орналасады. Қола мүсіннің биіктігі 2 метрден асады. Мүсін Қазақстан Парламенті депутаттары жинаған қаржыға жасалды.

Айта кетейік, осы жылы Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл толады. Мерейтой   ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек. Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Омбы техникалық училищесін аяқтаған соң, Санкт-Петербордағы орман институтына оқуға түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу