Нәби Айтжанов "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасы болды

447

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Нәби Айтжанов "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасы болды Фото: ККС

Нәби Еркінұлы 1980 жылы Ақмола облысында туған. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы "Көкшетау Энерго" ЖШС болжау-талдау орталығында маман-жетекші инженер қызметінен бастаған.

Әр жылдары ол "Қазақстан коммуналдық жүйелері" АҚ Корпоративтік даму басқармасының басшысы, "Энергопоток" ЖШС директоры, "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС бас директоры және "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС бас директоры болды

Бұған дейін Нәби Айтжанов "Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу