Кеше 5000 метрге жарысудан әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл қашықтықта Қазақстан атынан Надежда Морозова сынға түскен болатын. Ол чемпион атанған ресейлік Наталья Воронинадан 28.17 секундқа ұтылып, жалпы есепте 12-ші орынға жайғасты.
Морозова 5000 метрді 7:07.197 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өткен. Осылайша, Надежа Морозова 19 жылдан бері бұзылмаған Қазақстан рекордын жаңартты. Бұл қашықтықтағы ел рекорды 1998 жылғы қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері Людмила Прокашеваға тиесілі болған.
Солт-Лейк-Ситиде 5000 метрге жарысқан жеңімпаздар үштігі төмендегідей: Наталья Воронина (Ресей), Мартина Сабликова (Чехия), Эсми Фиссер (Ресей).