Надежда Морозова конькимен жүгіруден күміс жүлде алды

897

Бүгін Нұр-Сұлтандағы "Алау" мұз айдыны сарайында конькимен жүгіруден әлем кубогінің үшінші кезеңі басталды.  

Надежда Морозова конькимен жүгіруден күміс жүлде алды

8 желтоқсанға дейін жалғасатын доданың алғашқы жарыс күнінде Надежда Морозова жүлдегерлер қатарына енді деп жазады Olympic.kz. 

5000 метрге жарысудан В тобында сынға түскен Морозова 7:10.310 уақыт көрсеткішімен 19 спортшының ішінен күміс еншіледі. Бұл ересектер қатарына енді қосылған Надежданың аталған қашықтықта алғаш рет сынға түсуі. 

Морозоваға Қазақстанның жаңа рекордын орнату үшін 0.9 секунд қана жетпей қалды. Келесі кубоктік кезеңде Надежда Морозова А тобында сынға түсіп, кіл мықтылармен жарысатын болады. 

Ал ерлер арасында 500 метрге жарысудан В тобында бақ сынаған Александр Кленко 13-ші, Артур Галиев 17-ші, Артем Крикунов19-шы, Станислав Палкин 27-ші орыннан көрінді. 
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу