Бүгін шаршы алаңға шыққан қазақстандық спортшылар жеңіліссіз келеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасындағы сында 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Валентина Хальзова алғашық айналымнан іркілмей өтті. Ол Оңтүстік Корея намысын қорғаған Суён Чоннан басым түсіп, келесі кезеңге өткен.
Сондай-ақ, 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Надежда Рябец бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады. Аса тартысты өткен жекпе-жекте Надежда өзбекстандық Навбахор Хамидованың 3:2 есебімен ұтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу