Бокстан Амманда өтіп жатқан аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер командасы бір жолдама жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер боксынан 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Надежда Рябец ширек финалдан сүрінбей өтіп, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
1/4 айналымда вьетнамдық Нгуенмен кездескен Рябец тартысты кездесуде төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл Ерік Алғабек жаттықтыратын Қазақстан әйелдер командасындағы жалғыз жолдама.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу