"Нафтогаз" Еуропаға ресей газының орнына украин газын ұсынбақшы

511

"Нафтогаз" американдық бұрғылау компанияларымен Украинадағы газ кен орындарын игеру мүмкіндіктерін талқылауда.   

"Нафтогаз" Еуропаға ресей газының орнына украин газын ұсынбақшы

Бұл туралы "Нафтогаз" басшысының кеңесшісі Мирон Василик жексенбіде британдық The Daily Telegraph газетінің сайтында жарияланған сұхбатында хабарлады.

"Бізде Еуропадағы көлемі бойынша екінші орында тұрған бірқатар ресурстар мен газ резервтері бар. Барлау жұмыстарының жүргізуге, кейін экспорттауға мүмкіндіктер жетерлік. Біздің бағалауымыз бойынша, жалпы көлемі 40 миллиард текше метр", – деді ол.

Василик Днепр-Донецк бассейніндегі кен орындарын игеру осы онжылдықтың екінші жартысында басталуы мүмкін екенін атап өтті.

"Нафтогаз" басшысының кеңесшісі компания басшылығы кен орындарын бірлесіп игеру үшін АҚШ фирмаларымен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, украиналық кен орындары болашақта ресейлік энергия ресурстарынан бас тартқан Еуропа елдерінің сұранысын қанағаттандыра алады. 

Фото: Roman Pilpey/EPA

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу