"Оның есімі – Қапият Дәулет, біздің қатардағы қызметкер, Астанадағы нысандардың бірінде жедел есеп маманы. Қиын жағдайда сөзсіз көмекке келетін жігіттерді мақтан тұтамын. Осы бір топан су күнінде апатты жеңуге көмектесетін де дәл осындай жігіттер", – деп жазды Рахымбаев Facebook парақшасында.
Сонымен қоса су басқан өңірлерге компаниясының қаржылай көмекті арттыратын атап өтті.
"Нағыз жігіттер осындай қиын кездерде сыналады. Дәулет деген біздің қарапайым жұмысшы, нағыз азамат. Ең бастысы, ел басына күн туғанда бірігіп, бір-бірімізге көмек көрсетсек, бәрін жеңеміз", – деп жалғады ол.