Наиб мүфти Астананың журналистерімен кездесті

825

Наиб мүфти Астананың журналистерімен кездесті

Елордада наиб мүфти, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бір топ спорт журналисімен жүздесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Кездесуге ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, Астана қалалық футбол федерациясы баспасөз хатшысы Әзиз Жұмаділ, "Қазспорт" телеарнасының редактор-комментаторы Ермек Төрениязов, "Егемен Қазақстан" газетінің спорт шолушысы Дастан Кенжалин, бірнеше сайтты біріктірген "Қазконтент" АҚ редакторы Дәулетхан Жиенқұлов, "Қазақстан" Ұлттық арнасының аға редактор-жүргізушісі Ержан Қалымбайұлы, "Қазақстан Zaman" газетінің шолушысы Нағашыбай Қабылбек қатысты.

Басқосуда салауатты өмір салтын қалыптастыруда журналистердің рөлі жан-жақты талқыланды. Наурызбай Тағанұлы БАҚ өкілдеріне жастарды жақсылыққа шақырып, спортпен шұғылдануға үндеу бағытында діни басқарма атқарып жатқан жұмысты баяндап берді.

"Дін қызметкерлері тек діннің ғана насихатшысы емес. Біз жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттап келеміз. Астана қаласында "Салауатты жамағат" деген атпен дәстүрлі футбол турнирі өтіп тұрады", – дейді наиб мүфти.

Кездесу соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен журналистер арасында футболдан турнир өткізу туралы ортақ уағдаластық жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу