Найғазай, бұршақ, нөсер: синоптиктер ескерту жариялады

424

Елдің барлық өңірінде дерлік төтенше өрт қаупі сақталады.

Найғазай, бұршақ, нөсер: синоптиктер ескерту жариялады Фото: Ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК 10 тамызда күн райының қолайсыз болуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы облысының басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, жел соғады. Жел екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Астана қаласында күндіз найзағай ойнап, жел соғады. Найзағай кезінде желдің күші 15 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен орталығында бұршақ, дауыл болжанады.

Абай облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.

Қарағанды облысының орталығы мен шығысында нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ, дауыл болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Өрт шығу қаупі жоғары.

Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстіктен жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтану қаупі жоғары.

Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-42 градус қатты ыстық сақталады. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, тұман күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің күші 23 м/с артады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында найзағай, жел күтіледі. Өрт тұтану қаупі жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу