Найғазайлы жаңбыр жауады

570

Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, ал оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.

Найғазайлы жаңбыр жауады Фото: Ашық дереккөзден

ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағайлы жаңбыр жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ал, республиканың қалған аймақтарында Солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, ал оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.

"Атырау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысында, Қызылорда облысының шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі, Қостанай облысының басым бөлігінде  жоғары төтенше өрт қауіпі сақталады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу