"Найман" қарсыласын буындырып тастады

845

Атырауда өткен Mergen Fighting Championship-MFC 1 лигасының алғашқы турнирінде "Найман" деген лақап атпен өнер көрсетіп жүрген отандасымыз Қуат Хамитов 21 жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белдікті иеленді.  

"Найман" қарсыласын буындырып тастады

"Найманның" спорттық мансабында аралас жекпе-жектен 7 жеңіліс, 1 итжығыс бар, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қуат Хамитов украиналық файтер Роман Головиновпен кездесті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундта аяқталды. "Найман" қарсыласын буындырып тастады.

Естеріңізге салайық, бұл Қуат Хамитовтың 2021 жылғы екінші жекпе-жегі.

Ол қаңтар айында ресейлік Максим Пантелеевті 49 секундта нокаутқа түсірген.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу