Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыс орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 22 мамырда найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 18 м/с.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 22 мамырда таңертең және күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің таңертеңгі және күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде кей уақытта найзағай ойнайды, күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздап қатты жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігіндегі желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Ақмола облысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстігінде, батысында, шөлейтті аудандарында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шөлейтті және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, шөлейтті және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 22 мамырда күндіз кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Астана қаласында күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.