Найзағай, бұршақ, жел: Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

183

БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Найзағай, бұршақ, жел: Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 5 шілдеге арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз:

БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе өңірінің батысында ыстық ауа райы сақталады;

БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

"Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлері әлі де антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады, ал солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", — делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу