"Найзағай ойнап, бұршақ жауады": Қазгидромет 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

135

Синоптиктер болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.  

"Найзағай ойнап, бұршақ жауады": Қазгидромет 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады Фото: ecogosfond.kz

Синоптиктер елордада және Қазақстанның 17 өңіріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, Астанада найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысында найзағай ойнап, тұман түседі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қатты жаңбыр жауады.

Петропавлда күндіз найзағай болады. Желдің екпіні – 23-28 м/с.

Қостанай облысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысында жел, найзағай болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ұлытау облысында да найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні – 15-20 м/с

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Өскеменде екпіні 25 м/с болатын жел соғады.

Абай облысында найзағай ойнайды. Желдің екпіні – 25 м/с.

Атырау облысында найзағай ойнайды. Жел екпіні – 15-20 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Өрт қаупі жоғары. Ақтауда күндіз шаңды дауыл болады. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Алматы облысында жел екпіні – 15-20 м/с. Өңірде өрт қаупі жоғары. Қонаевта жел екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Жоғары өрт қаупі күтілуде. Түркістан қаласында оңтүстік-батыс жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, тұман болады. Аймақта өрт қаупі жоғары. Таразда оңтүстік-батыс жел күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында найзағай соғып, дауыл тұрады. Күндіз шаңды дауыл болады. Сол сияқты өрт қаупі жоғары болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу